Алдағы үш күнге ауа райы болжамы шықты

0
1 918

Еліміздің кей жерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.


Алдағы үш күнге ауа райы болжамы шықты

"Қазгидромет" орталығы мамандары алдағы үш күнге, яғни 1-3 сәуір күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мәскеу аудандарынан антициклон біртіндеп шығысқа қарай ығысады, осыған байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Кезеңнің ортасынан бастап батыс аймақтарға солтүстіктен және оңтүстіктен циклонның әсерінен жаңбыр жауып жел күшейеді.

Фронтальды бөліктердің әсерінен елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынды болып, тұрақсыз ауа райы сақталады. Еліміздің кей жерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.