Әлем бойынша қазақстан халқы ең аз қимылдайтын елдердің бел ортасында тұр

0
1 177

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанды жалқау ел санатына жатқызды.


Әлем бойынша қазақстан халқы ең аз қимылдайтын  елдердің бел ортасында тұр

фото:Stan.kz.

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баяндамасында қазақстандықтардың «аз қимылдайтын адамдар» қатарында екені айтылды деп жазады Stan.kz.

Сарапшылардың мәліметінше, қазақстандықтардың физикалық белсенділігі төмен. Себебі халықтың төрттен бір бөлігі спортпен мүлде айналыспайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 168 елге зерттеу жүргізе келе осындай қорытындыға келді. 55 елде халықтың үштен бірі физикалық белсенділік пен спортқа мүлде назар аудармайды.

Қазақстан сол тізімнің ортасында. Біздің ел тұрғындарының кәмілетке толғандары арасында 70%-ы спортпен айналысады. Қалғаны мүлде қызықпайтыны белгілі болды. Олар теледидардан спорттық бағдарламалар көріп, спорттық танымын арттырады.

Ал, көршілес Қырғызстанда көрсеткіш бізден жақсы. Ол елде халықтың тек 14%-ы спортпен айналыспайды. Белоруссияда да сондай. Өзбестан мен Украина, Ресей дәл сондай болмаса да, Қазақстанның көрсеткішіне жақын. Уганда мен Мозамбик ең белсенді ел деп танылды. Ол жақта халықтың 6%-ы ғана салауатты өмір салтын ұстанбайды.