Әлемдегі ең үлкен субұрқақ Қазақстан туының түсіне боялды

0
1 035

The Palm фонтанында сондай-ақ, еліміздің әнұраны орындалды


Әлемдегі ең үлкен субұрқақ Қазақстан туының түсіне боялды

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Дубайда орналасқан әлемдегі ең үлкен «билейтін» субұрқақ Қазақстан туының түсіне боялды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сыртқы істер министрлігіеің мәліметінше, әйгілі Dubai Palm Jumeirah жасанды аралында орналасқан, Guinness World Records кітабына «Әлемдегі ең үлкен билейтін субұрқақ» ретінде енген The Palm фонтанында алғаш рет Қазақстанның әнұраны орындалды.


Сондай-ақ субұрқақ еліміздің көк байрағының түсіне боялды.

«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай The Palm фонтанында тұңғыш рет ұлттық әнұранымыз ойналды», - делінген хабарламада.