Әлемдік және отандық кино жұлдыздары Алматыда бас қосады

0
1 151

Биыл фестиваль «Мәдениеттер жақындастығы» деген ұранмен 7 күн бойы негізгі үш алаңда өтеді.


Әлемдік және отандық кино жұлдыздары Алматыда бас қосады
ERNUR.KZ. Алматыда 2019 жылдың 14-20 қыркүйегі аралығында қала күні мерекесі аясында II Халықаралық «Almaty Film Festival» кинофестивалі өтеді, деп жазады ҚазАқпарат.


Almaty Film Festival – Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен Astana Film Fund ұйымдастырған жаңа халықаралық кинофестиваль. Қазақстан киноөндірісін дамыту, кинематография өнеріне көпшілік қауымның назарын аудару және халықаралық ынтымақтастықты бекіту. Еліміздің мәдени астанасы Алматы қаласын Орталық Азия өңіріндегі ірі мәдени және саяхат орталығы ретінде, сонымен қатар әлемдік киноқауымдастығын Қазақстан киноөндірісінің жаңа мүмкіндіктерімен және артықшылықтарымен таныстыру фестивальдің басты мақсаты.

Үстіміздегі жылы фестиваль «Мәдениеттер жақындастығы» деген ұранмен 7 күн бойы негізгі үш алаңда өтеді.

Кинофестивальдің қазылар алқасына Алтын Пальма Бұтағының иегері, қазақстандық актриса Самал Еслямова, ресейлік жетекші кинопродюсерлердің бірі Алексей Петрухин және шетелдік кинематографистер кіреді.

Фестивальдің арнайы қонақтары: «Хорошо продакшн» продюсерлік орталығының басшысы, ресейлік танымал продюсер Наталья Иванова; «Абрамович Қорының» директоры Антон Малышев, Халықаралық Пусан Кинофестивалінің президенті Джей Джон, «EuropeanChildren'sFilmAssociation» бас хатшысы Феликс Вангиндерхюсен, Ресей Федерациясының үздік кастинг-директоры Елизавета Шмакова, «TheHollywoodReporter» журналисі Ник Холдворт, «Cineurope»- Еуропаның жетекші медиа-порталының журналисі Вассилис Эконому, португалдық продюсер және Локарно кинофестивалінің жүлдегері Пауло Бранко, француз киносыншысы, Канн ХКФ іріктеушісі Бенжамен Иллос және басқалар.

Фестивальдің қонақтары арасында әнші, актриса және продюсер Әсел Сәдуақасова, актер және продюсер Фархат Әбдірайымов, кино және ТВ актері Санжар Мәдиев, актриса Әсел Сағатова, актриса Қарлығаш Мұхамеджанова, сценарист және режиссер Сатыбалды Нарымбетов, актер және режиссер Асанәлі Әшімов, сценарист және режиссер Дәрежан Өмірбаев және басқа да көптеген отандық кино жұлдыздары, қазақстандық кино және өнер қайраткерлері бар.

«Қазақстанның кинематография саласы жақсы өзгерістерді бастан өткеріп жатыр. Көрермендер арасында отандық киноға деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді. Алматы кинофестивалі дамып, жас кинематорграфистерге идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр. Аудитория қызығушылығын тудырған жаңа есімдер туып, олар Қазақстаннан тыс жерлерде танылып келеді. Бұл Қазақстан мәдениетінің дамуы үшін өте маңызды», - деді Фестиваль президенті, қазақстандық режиссер Ақан Сатаев.

Almaty Film Festival негізгі байқауының тақырыбы – «Мәдениеттер жақындастығы». Байқауға 2019 жылы екі немесе одан да көп елдердің бірлескен өндірісінен шыққан 12 кинотуынды қатысады.