​Әлемнің үздік сиқыршылары Қазақстанда өнер көрсетеді

0
1 556

Шоуды 10-11 қазан күндері Алматы тұрғындары мен қонақтары көре алады.


​Әлемнің үздік сиқыршылары Қазақстанда өнер көрсетеді

ERNUR.KZ. Әлемнің үздік сиқыршылары Қазақстанда өнер көрсетеді. 6-7 қазанда Астана қонақтары мен тұрғындарына алғаш рет "Иллюзионист" әртістер шоуы көрсетіледі. Кеш EXPO-ның Конгресс-орталығында, ал 10-11 қазан аралығында Алматыдағы Республика Сарайында өтеді, деп жазады BNews.kz.

Шоу 25 елдің 200 қаласын аралап, Бродвейдің ең танымал шоуына айналды.

Жаңа нұсқада фальсификатор Харрисон Гринбаум, шоумэн Марк Калин, фокусшы Джинжер Лайт, ұмытылмас Энзо, жүгіру шебері Крэндл, манипулятор Николас Себастьян және қару шебер Робин Шарп өнер көрсетеді. Олардың әрқайсысы өзіне тән өнерімен ерекше. Шоу барысында арбалеттен ату, фокустар, үлкен иллюзия, левитация және тағы басқа да өнер түрлері көрермен назарына ұсынылатын болады.

"Біздің шоу көрерменді сиқырлығымен таң қалдырады. Олар ең керемет иллюзионистердің өнерін көреді, ауада қалқу, адам ойын оқу, жоғалу және көптеген басқа да жоғары технологиялық және қауіпті трюктерді көре алады, продюсерлер оларды қатаң құпияда ұстауда. Түрлі-түсті сахналық киімдер, жоғары шеберлік, бұрын көрсетілмеген тамаша қойылымдар", - деді "Иллюзионистер" шоуының креативті продюсері Симон Пейнтер.

Журналистердің "Неге астаналықтар тап осы шоуды көруі керек?" деп қойған сұрағына Джинжер Лайт өйткені бұл шоудың визуалды болатынын, жанды түрде көргеннің әсері әлдеқайда шынайы әрі тартымды болатынын айтып, жауап берді.

"Көрерменмен көп сөйлескенімізге қарамастан, біз шоуды жақсы өткізуге тырысамыз. Осындай шоуларды телеарнадан немесе кинодан көргеннің әсері өз көзімен көргенмен бірдей болмайды. Жанды түрде көргеннің әсері әлдеқайда шынайы, тартымды", - деді Джинжер Лайт.

Айта кетейік, бұл шоуды 10-11 қазан күндері Алматы тұрғындары мен қонақтары көре алады.