​Әлеуметтік қорғауда құқық бұзушылық жиі кездесетін өңірлер аталды

0
1 199

Оның сөзіне қарағанда, құқық бұзушылықтың көбісі Маңғыстау, Алматы, Павлодар, Түркістан, Қарағанды облыстарында анықталды.


​Әлеуметтік қорғауда құқық бұзушылық жиі кездесетін өңірлер аталды

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі еңбек және әлеуметтік қорғау саласында құқық бұзушылық жиі кездесетін өңірлерді атады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Тек соңғы екі жылда еңбек және әлеуметтік қорғау саласында 450-ге жуық сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Осы үшін қылмыстық жауапкершілікке 192 лауазымды адам тартылуда, 153-і сотталды. Қылмыстық жауапқа тартылатындардың 70 пайыздан астамы түрлі деңгейдегі басшылар екені үрейлендіреді», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Данияр Сабырбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде өткен кеңесте.

Оның сөзіне қарағанда, құқық бұзушылықтың көбісі Маңғыстау, Алматы, Павлодар, Түркістан, Қарағанды облыстарында анықталды. Бұдан бұрын хабарланғандай, аталған кеңес барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 23 мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыруға қатысты шаралар атқарып жатқандығы айтылды.