Әлеуметтік төлем үшін қазақстандықтардың жеке дерегі жиналып жатқаны рас па

0
911

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жалған ақпарат тарату заңмен қудаланатынын хабарлады.


Әлеуметтік төлем үшін қазақстандықтардың жеке дерегі жиналып жатқаны рас па

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтардың жеке деректерін жинау үшін Telegram-ботты іске қоспағанын мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Ведомство белгісіз адамдар азаматтарға әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат алу үшін өз ЖСН-і мен телефон нөмірін жіберуді ұсынатын i42500enbekkz_Bot telegram-бот іске қосылғаны туралы ақпарат фейк екенін хабарлады.

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы сынды telegram-боттарды іске қосқан жоқ. Еңбек министрлігінің қызметкерлері азаматтардан жеке дерегін сұратпайды", - делінген хабарламада.

Министрлік қазақстандықтардан фейкке назар аудармауды және тек ресми дереккөздердегі ақпаратты пайдалануды сұрайды.

Ведомство жалған ақпарат тарату заңмен қудаланатынын еске салды.