Әлеуметтік желі қолданушылары Павлодар атауын "Сарыарқа" деп атауды ұсынуда

0
634

Кейбір блогерлер Павлодарды Сарыарқа деп атай бастаған.


Әлеуметтік желі қолданушылары Павлодар атауын

ERNUR.KZ. Желіде Павлодар қаласының атауын "Сарыарқа" деп ауыстыру туралы пікір қызу талқылануда. Бұл туралы қалалық әкімдік пікір білдірді, деп жазады Stan.kz.

Кейбір блогерлер Павлодарды Сарыарқа деп атай бастаған. Желі қолданушылары бұны қала әкімдігі әдейі ұйымдастырып жатыр деген пікір жазды. Десек те жергілікті билік мұндай шешім қарастырылып жатқан деп қысқа кесті.

"Павлодар қаласының атауын өзгерту жөніндегі ономастикалық комиссияға ешқандай өтініштер мен ұсыныстар түскен жоқ. Қала әкімдігі бұл мәселені қарастырмайды. Тиісінше, блогерлерге ешқандай тапсырыс жасармады, бұл біздің PR шарамыз емес", - деді әкімдік өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов мұндай мәселе қарастырылып жатқан жоқ деген еді.