Әлеуметтік желіде полиция қызметкерлерін балағаттаған адам жауапқа тартылды

0
737


Әлеуметтік желіде полиция қызметкерлерін балағаттаған адам жауапқа тартылды

ERNUR.KZ. Алматыда полиция қызметкерлерін ашық түрде қорлаған адам жауапқа тартылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында ер адамның полиция қызметкерлерін қорлау фактісі анықталды.

«Ол өзінің Инстаграм парақшасында полиция қызметкерлеріне арналған былапыт сөздері бар монологын жариялаған. Бірнеше рет камераға жағымсыз сөз айтқан. Бұл жігіт ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабымен билік өкілін қорлағаны үшін жазаланады. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген. Қылмыстық істі ПД тергеу басқармасы жүргізеді. Бүгін ол қамауға алынып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов.

Ер адам өз әрекеті үшін жұрттан кешірім сұрады.

«Мен Қазақстан Республикасының барлық азаматтарынан және полиция қызметкерлерінен кешірім сұраймын. Сіздерден мені түсініп, кешіргендеріңізді қалаймын. Мен ҚР заңнамасында көрсетілгендей заң алдында толық жауап беруге дайынмын. Кешіріңіз, өтінемін», – деді ол.