Әлеуметтік желіде жалған жаңалықтар таратқан алматылық тұрғын ұсталды

0
516

Ол Instagram желісінде жаңалықтар парақшасын ашқан.


Әлеуметтік желіде жалған жаңалықтар таратқан алматылық тұрғын ұсталды

ERNUR.KZ. Полиция жалған хабарламалардың авторын анықтады, деп жазады Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерді бақылау кезінде ішкі істер органдары Instagram-да «Qaznews24» аккаунтын тапты, оның парақшасында жалған хабарламалар үнемі жарияланып тұратын.
Бұл аккаунттағы ақпараттар тұрғындардың түрлі реакциясын тудырып отырған, өйткені олар халыққа дұрыс емес ақпарат беріп, азаматтарды адастырған.
«Мысалы, "Жылына бір рет – қазақстандықтардың шетелге шығуына шектеу қойылады”, “683 432 теңге қазақстандықтың 2021 жылғы орташа айлық жалақысы – Ұлттық статистика бюросы”, “ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мефедронды заңдастыруды ұсынды…”, “Зорлау және жыныстық қысым көрсету баптарын қылмыстықтан әкімшілікке ауыстырады”, “Мәжіліс депутаттары депутаттардың кірістері мен мүлкін міндетті түрде декларациялау туралы заңды кері қайтарып алды”, “Қазақстандықтарға шетелге шығу үшін көші-қон полициясынан шығу визасын алулары керек” және тағы басқа тақырыптағы хабарламалар үлкен резонанс тудырды. 5,5 мыңнан астам жазылушы жалған ақпаратты алып отырды», - дейді полиция өкілдері.

Бұл хабарламалардың қисынсыздығына қарамастан, қолданушылар белсенді түрде репост жасап, жедел хабарламалар арқылы бір-біріне жалған жаңалықтар жіберіп, скриншоттар жасап, оларды басқа ақпараттық ресурстарға көшіріп отырған. Анықталмаған ақпаратты жариялау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 274-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі.
Тергеу-жедел іс-шараларын жүргізу барысында жалпыға ортақ парақшаны ашқан 25 жастағы Алматы қаласының тұрғыны анықталды. Тергеу жұмыстарын жүргізу үшін ол полицияға жеткізілді. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жалғасуда.
Ішкі істер органдары тағы да азаматтарға жалған ақпарат таратуға жол берілмейтінін, мемлекеттік органдардың тек ресми ақпараттарына сенім арту қажеттілігін, сондай-ақ, жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің бар екенін тағы да еске салады.