Алик Шпекбаев Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының президенті болып сайланды

0
691

Федерацияның вице-президенті болып Грекиядан келген Пекос Феодорос пен қытайлық Соң Жиаңлиң сайланды.


Алик Шпекбаев Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының президенті болып сайланды

ERNUR.KZ. Елордада өткен Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының халықаралық конгресінде Алик Шпекбаев Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының президенті болып сайланды, деп жазады ҚазАқпарат.

Конгреске әлемнің 27 елінен Қазақ күресі спортының өкілі келді. Жиын барысында федерация басшысын сайлау мәселесі көтерілді. 27 мемлекет өкілінің бір ауыздан берген дауысымен федерациясының президенті болып Алик Шпекбаев сайланды.

Сонымен қатар, жиын барысында федерация президенті Алик Шпекбаев әлемнің 27 елінен келген федерация мүшелеріне ұсыныс білдірді. Ол бойынша федерацияның «Құрметті президенті» ретінде Досхан Жолжақсыновты, бірінші вице-президенті ретінде Бәделхан Камалханұлын сайлау ұсынылды. Көпшілік бірауыздан қолдады.

Сондай-ақ, федерацияның вице-президенті болып Грекиядан келген Пекос Феодорос пен қытайлық Соң Жиаңлиң сайланды.