Әлихан Смайылов зейнетке шығу жасын төмендетпеуді ұсынды

0
538

Министрлер кабинетінің басшысы зейнет жасын қысқартуды мүлде қолдамайды.


Әлихан Смайылов зейнетке шығу жасын төмендетпеуді ұсынды

ERNUR.KZ. Әлихан Смайылов зейнетке шығу жасын төмендетпеуді ұсынды, деп жазады Stan.kz.

Министрлер кабинетінің басшысы зейнет жасын қысқартуды мүлде қолдамайды. Әлихан Смайылов бұл ұсыныстан ешқандай артықшылық көрмейтінін жеткізді.

Премьер-министр қазіргі жүйенің сақталуын жақтайды. Бірақ ол реформаларды жалғастыруға уәде берді.

Депутаттық сауалға жауап берген Смайылов зейнетақы төлеудің жыл сайын азаятынын түсіндірді. Ал жиынтық үлес тек өседі. Зейнеткерлік жасты төмендетсе, БЖЗҚ-ға түсетін табыс бірден төмендейді. Бұл өз кезегінде төлемдердің төмендеуіне әкеледі.

Министрлер кабинетінің басшысы зейнет жасын қысқартпай, тек бүкіл жүйені жетілдіру шараларын қабылдауды ұсынып отыр. Ол инфляцияны есепке алу үшін ынтымақты зейнетақыны индекстеуді сақтау, зейнет жасына дейінгі әйелдерді қолдау көрсету қажеттігін жеткізді.