Алимент қарызы бар азаматтар үшін жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

0
1 271

Бұл шара алиментін төлей алмай жүрген жұмыссыз жандарға арналған.


Алимент қарызы бар азаматтар үшін жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Еңбекпен қамтылмауы себебінен алиментін төлей алмай жүрген борышкерлер үшін елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп жазады Елорда Инфо.

«Ағымдағы жылдың 3 маусымында сағат 10.00 де «Жастар» сарайында Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының бастамасымен Әділет департаменті, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы және Нұр-Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы бірлесе отыра алимент бойынша қарыз өтілі бар азаматтарға бос жұмыс жәрмеңкесін ұйымдастырады», - деп көрсетілген қалалық әкімдіктің хабарламасында.

Бүгінде 30-дан астам елорда кәсіпорындары аталған шараға қатысуға дайындықтарын білдірді. Жәрмеңкеге алимент бойынша борышкер, өздігінен жұмысқа орналаса алмай жүрген барлық азаматтар қатыса алады. Тек міндетті түрде жеке кәуілігігі болуы шарт.