Алматы - Қапшағай тасжолында бірнеше көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды (видео)

0
840

Апаттың видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.


Алматы - Қапшағай тасжолында бірнеше көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды (видео)

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Алматы - Қапшағай тасжолында Lada Granta жүргізушісінің кесірінен ірі жол апаты болды, деп жазады Tengrinews.kz

Апаттың видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.


Алматы облысы полициясының мәліметінше, апат таңғы сағат 8-де оңтүстік бағыттағы Алматы - Өскемен жолының 19-шақырымында болған.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, Lada Granta автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі маневр жасап жатқанда көлігін тізгіннен шығарып алған", - дейді құқық қорғау органдары өкілі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Полиция әкімшілік іс қозғап, Lada Granta айып тұрағына қойылды.