"Алматы - Мәскеу" ұшағы Шереметьевоға шұғыл қонды

0
462

SU9 FV6536 рейсі қозғалтқыштан гидро сұйықтықтың ағуы туралы сигналмен қонды.


ERNUR.KZ. Алматыдан Мәскеуге бағыт алған ұшақ Шереметьево әуежайына апатты жағдайда қонды, деп жазады tengritravel.kz.

Басылымның мәліметінше, SU9 FV6536 рейсі қозғалтқыштан гидро сұйықтықтың ағуы туралы сигналмен қонды. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Еске салайық, қыркүйектің соңында Мәскеуден Алматыға бет алған ұшақ борттағы ақаулыққа байланысты шұғыл түрде Шереметьево әуежайына оралған болатын.