Алматы - Текелі тасжолындағы апаттан 7 адам қаза тапты

0
969

Жол апаты қыркүйектің 15-нен 16-на қараған түні Ескелді ауданында болған.


Алматы - Текелі тасжолындағы апаттан 7 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Алматы облысында Audi маркалы екі көлік соқтығысып, салдарынан жеті адам қаза тапқан, деп жазады Tengrinews.kz.

Жол апаты қыркүйектің 15-нен 16-на қараған түні Ескелді ауданында болған. Шетелдік екі көлік Алматы - Текелі тасжолындағы 26-шақырымда соқтығысқан. Оқиға орнында алты адам қаза тапты, тағы үш адамды Текелі қаласындағы ауруханаға жеткізген.

"Дәрігерлердің шараларына қарамастан жарақат алғандардың бірі ауруханада қайтыс болды. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деді Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдерін сілтеме жасап.