Алматы әкімі қала тұрғындары жезөкшелерден әбден мезі болғанын айтты

0
928

Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласы әкімі қызметіне тағайындалған соң, оның пәрменімен Сейфуллин даңғылы жезөкшелерден тазартыла бастаған.


Алматы әкімі қала тұрғындары жезөкшелерден әбден мезі болғанын айтты

ERNUR.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев шаһардағы берекесіз аудандардың бірінде қандай жұмыс жүргізіп жатқанын айтты, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Қала басшысы Түрксіб ауданының тұрғындары кешке далаға шыға алмайтындарын айтып, шағым түсіргенін атап өтті.
"Алматы-1 вокзалының орталық алаңына келдік. Онда адамдар тұр екен. Олар маған Сейфуллин даңғылының бойында тұратынын, көше үлкен болса да, кешке және түнде аулаға шығуға, балаларын шығаруға қорқатынын жеткізді, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ бұл ауданның тұрғындары әкімге көшеде күдікті адамдардың көп жүретінін айта келе, өз қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірген.
"Мұнда маскүнемдер өте көп екен. Себебі, вокзал бар ғой. Аулаларда нашақорлар отырады. Далаға шығу мүмкін емес. Сондай-ақ жеңіл жүрісті қыздар да бар. Бұл шағын ауданның тұрғындары "бірдеңе істеңіздерші" деп өтініш айтты. Менің ойымша, мұндай жағдай ешкімге ұнамайтыны анық. Сондықтан тапсырма берілді. Осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді Бақытжан Сағынтаев.
Оның мәліметінше, ауданда жұмыс жүргізілген соң, жағдай өзгерген.
"Бүгін біз көшедегі жарықтандыру жүйесін, аулаларды модернизациядан өткізіп жатырмыз. Онда тұру қолайлы болу керек. Мақсат оларды ұстап, бірге жерге апару емес", - деді Алматы қаласының әкімі.
Айта кетейік, осыған дейін Бақытжан Сағынтаевтың пәрменімен Алматыдағы Сейфуллин даңғылы жезөкшелерден тазартыла бастаған. Бір түнде полицейлер тәнін саудалаған 50-ден астам әйелді ұстаған болатын.