Алматы әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

0
1 004

1 қазаннан бастап Алматы халықаралық әуежайында тексеріс күшейтіледі.


Алматы әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

ERNUR.KZ. Алматы әуежайында тексеріс күшейтіледі. Жолаушылардың енді рейске ертерек келгені жөн, деп жазады inform.kz.

1 қазаннан бастап Алматы халықаралық әуежайында тексеріс күшейтіледі. Яғни, әуежайға кіре берістегі терминалда қосымша тексеру желісі қойылады.

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің өкімі бойынша 1 қазаннан бастап, жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізуге байланысты Алматы халықаралық әуежайында авиациялық қауіпсіздікті күшейту шаралары енгізілуде. Кіре берісте терминалға қосымша тексеру желісі қойылады», - делінген ресми хабарламада.

Жолаушыларға рейстеріне кешігіп қалмас үшін әуежайға ертерек келу ұсынылды.