Алматы әуежайының президенті ауысты

0
577

Алп Ер Тунга Ерсой "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ президенті болып тағайындалды.


Алматы әуежайының президенті ауысты

ERNUR.KZ. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) мәлім етті, деп жазады ktk.kz.

"2021 жылғы 14 қыркүйектегі Директорлар кеңесінің шешімімен атқарушы органның құрамына келесі өзгерістер енгізілді: Призидент Эркал Кадри Мете шығарылды; Алп Ер Тунга Ерсой – президент болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ашық дереккөздерден алынған мәліметке сәйкес, Алп Ер Тунга Ерсой TAV Kazakhstan-да 2021 жылдың шілдесінен бастап жұмыс істейді. Бұған дейін ол TAV Urban Georgia (Грузия) компаниясында жоғары лауазымды қызмет атқарған.

12 жыл TAV Македонияда жұмыс істеген. Эркал Кадри Мете 2021 жылдың мамырында Алматы халықаралық әуежайының президенті - бас директоры болып тағайындалған еді.