Алматы-Бішкек тасжолындағы жол апатынан 9 адам көз жұмды

0
1 014

9 адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасы 12 мамырда орын алған.


Алматы-Бішкек тасжолындағы жол апатынан 9 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматы-Бішкек тасжолында жантүршігерлік жол апаты болып, тоғыз адам көз жұмды, деп жазады stan.kz.

Жол-көлік оқиғасы 12 мамырда тасжолдың 109-шақырымында орын алған. Lada және Toyota Camry көліктері соқтығысып, салдарынан 9 адам көз жұмды. Олардың үшеуі – әйел.

Полиция мәліметінше, марқұмдардың тұлғасы анықталған. Олар – Алматы, Шымкент, Түркістан облысы және Алматы облысының тұрғындары.

«Алдын ала нұсқа бойынша, Lada жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Toyota Camry көлігімен соқтығысқан. Қазіргі уақытта ЖКО фактісі бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағына (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінеді полиция департаментінің хабарламасында.

Сонымен қатар полиция ЖКО-ның тергелуі айрықша бақылауға алынғанын мәлімдеді.