Алматы-Бішкек трассасында жантүршігерлік жол апаты болды

0
1 251

Жол апатынан бес адам көз жұмды, оның үшеуі - балалар.


Алматы-Бішкек трассасында жантүршігерлік жол апаты болды

ERNUR.KZ. Алматы облысында Алматы-Бішкек тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп жазады Zakon.kz.

Shacman жүк көлігі Бішкекке қарай бет алған. Жүргізушінің сөзіне қарағанда, қарсы беттен шыққан Mazda 626 көлігі ойқастап, біресе оңға, біресе солға қарай шайқалып, ақыры жолдың шетіне соғылып, содан ұшып тура ауыр жүк көлігінің астына түскен. Қатты соққыдан жүк көлігінің алдыңғы доңғалағы жұлынып кетеді де Shacman жүргізушісі рөлді жолдың шетіне қарай бұрған.

Ауыр жүк көлігіне өздігінен келіп соғылған жеңіл көліктің түгі қалмай бүлінген.

Мазда 626 мен Shacman жүк көліктерінің қатысуымен болған жол апаты Алматы-Бішкек тас жолының 84 шақырымында болды. Оқиға орнында бес адам қаза тауып, тағы үш адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Облыстық полиция департаменті осы жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін бастап кетті, деп түсіндірді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қаза тапқандар ішінде үш бала бар. Жол апатынан көз жұмған және жараланған адамдарды төтеншеліктер көліктен алып шықты.

Жол оқиғасы орнында Алматы облыстық полиция департаментінің тергеушілері жұмыс істеуде.