​Алматы дәрігерлері Шымкентте клизмадан күйген сәбидің қазіргі жағдайын айтты

0
1 208

Мамандардың айтуынша, бала қазір анасымен бірге палатада жатыр. Тамақ ішеді, үлкен дәреті де дұрыс жүреді.


​Алматы дәрігерлері Шымкентте клизмадан күйген сәбидің қазіргі жағдайын айтты

ERNUR.KZ. Шымкент ауруханасында ыстық сумен жасалған клизмадан күйіп қалған сәби Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында ем қабылдауда, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматылық дәрігерлер кішкентай пациенттің қазіргі жағдайы туралы айтып берді.

«Баланың қазіргі жағдай «орташа» деп бағалануда. Бізге түскеннен бастап барлық тексеру жүргізілді. Ректоскопия жасалды. Нәтижесінде, тікішектің шырышты қабатының гиперемиясы анықталды. Тері күйігінің тереңдігі 1-2 дәрежелі. Ота жасаудың қажеттілігі жоқ. Ауырсыну синдромы жоқ», - деді Орталық басшысы Риза Боранбаева.

Мамандардың айтуынша, бала қазір анасымен бірге палатада жатыр. Тамақ ішеді, үлкен дәреті де дұрыс жүреді.

Еске сала кетейік, Шымкент ауруханаларының бірінде медбике 10 айлық нәрестеге клизманы ыстық сумен жасаған. Салдарынан бала күйік жарақатымен аурухананың жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты.

Кейін сәби санавиациямен Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жеткізілді.

Аталған жағдайға қатысты пікірін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов білдірген болатын.

Аталған факті бойынша 2 медбике жұмыстан шығарылды, бас медбике қызметінен алынды, бас дәрігердің орынбасары мен емдеуші дәрігерге қатаң сөгіс жарияланды