Алматы іргесіндегі Тұздыбастау ауылында мыңға жуық адам эвакуацияланды

0
2 119

Алматының іргесіндегі Тұздыбастау ауылында су басу қаупіне байланысты мыңға тарта адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Азаттық Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

ТЖД ресми өкілі Азамат Жұртбаевтың айтуынша, 28 ақпанға қараған түні Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылының жоғарғы жағындағы жыраға 50 текше метр көлемінде еріген қар суы жиналған. Су басу қаупіне байланысты 250 үйдің тұрғындары эвакуацияланған. Талғардағы №13, №31 мектептер мен Экономика колледжінде және Медицина колледжінде эвакуациялық пунктер даярланды.

Күннің күрт жылынып, қардың еруіне және жауын-шашынға байланысты Алматы облысында өткен аптадан бері бірнеше ауданда ондаған үйдің ауласы мен қора-қопсысын су басты.

ТЖД таратқан ақпарат бойынша, 26 ақпанда Талғар ауданы бойынша 62 үйдің ауласын су басқан. Олардың 9-ы Талғарда, 27-сі Тұздыбастау ауылы, екеуі Бесағаш ауылы, 10-ы Қызылту ауылы, 14-і Панфилов ауылында болған. Қазір төтенше жағдайлар қызметкерлері мен жергілікті биліктің күшімен арықтарды тазалау, бөгет тұрғызу, суды сорып шығару жұмыстары істеліп жатыр.