Алматы қалалық білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

0
926

Ләззат Жылқыбаева еңбек жолын 1996 жылы №1 Алматы қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы болып бастаған.


Алматы қалалық білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ERNUR.KZ. Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Ләззат Жылқыбаева білім басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ләззат Жылқыбаева еңбек жолын 1996 жылы №1 Алматы қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы болып бастаған. Әр жылдары ол мұғалім, колледж директорының орынбасары, Алматы қаласы білім басқармасының маманы және бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Осы уақытқа дейін Ләззат Жылқыбаева Алматы қалалық білім басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.