Алматы қаласы мәслихаты депутаттарын сайлау қорытындыcы жарияланды

0
687

«Amanat» партияся 12 депутаттық мандат алды.


Алматы қаласы мәслихаты депутаттарын сайлау қорытындыcы жарияланды

ERNUR.KZ. Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Алматы қаласы мәслихаты депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарды және дауыс беру қорытындылары бойынша депутаттық мандаттарды таратты, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы қаласы мәслихаты сайлауының қорытындыларына сәйкес партиялық тізімдер бойынша дауыстар мынадай болып бөлінді: сайлаушылардың 51,94 % «Amanat» партиясына дауыс берді, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 2, 83 % дауысқа ие болды. «Respublica» партиясы сайлаушылардың 13,15 % дауысын алды, «Қазақстан халық» партиясы 13, 22% Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы 7, 97 % және «Ақ жол» партиясы 5,23 % дауыс алды.

Алматы қаласы Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықованың айтуынша, «Amanat» партияся 12 депутаттық мандат алды, «Respublica» мен «Қазақстан халық» партиясы әрқайсысы 3 мандаттан алды. Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы 2 мандат, Ал «Ақ жол» партиясы 1 мандатқа ие болды.