Алматы көшелерінің біріне Батырхан Шүкенов есімі берілді

0
1 454

Алатау және Бостандық аудандарының бірнеше көшелерінде жаңа есімдер пайда болды


Алматы көшелерінің біріне Батырхан Шүкенов есімі берілді

фото:Tengrinews.kz

ERNUR.KZ. Алматыда 160-тан аса көшенің жаңа атауы бекітілді. Бұл туралы бүгін мәслихат сессиясы барысында айтылды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Бүгін Алматы мәслихатының сессиясы барысында Алатау және Бостандық аудандарындағы бірнеше көшенің жаңа атауы бекітілді. "Көше атауларын өзгертудің бірден-бір себебі - олардың қайталана беретіні", - деп түсіндірді қалалық мәслихаттың хатшысы Қалдыбай Қазанбаев.

Алматыда жаңа атаулар бекітілген соң қалада Батырхан Шүкенов, Әбіш Кекілбаев және Фариза Оңғарсынова атындағы көшелер пайда болды. Еске сала кетейік, биыл мамыр айында Алматы мәслихатының комиссиясы 164 көшенің атауын өзгертуді ұсынған болатын.