Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты болды (видео)

0
352

Жеңіл автокөлік екі жүк көлігінің ортасында қысылып қалған.


Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты болды (видео)

ERNUR.KZ. Алматы маңындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болды, салдарынан жеңіл автокөлік екі жүк көлігінің ортасында қысылып қалды, деп жазады Tengrinews.kz.

Жол апаты бүгін таңертең Көкөзек ауылының маңында болды. Куәгерлер оқиға орнында түсірілген кадрларды әлеуметтік желілерде жариялап жатыр.


Алматы облысының полиция департаменті жол апаты 17 мамырда сағат шамамен 10:00-де Қарасай ауданындағы "Жібек жолы - Елтай - Боралдай" автожолында болғанын хабарлады.

"HUALING маркалы жүк көлігі кептеліс кезінде қашықтық сақтамай, "Мазда-626" автокөлігімен соқтығысты, кейін жеңіл көлік инерция бойынша алда келе жатқан VOLVO жүк көлігіне соғылды. Жол апаты салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі зардап шекті, ол жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді", - деді полицейлер.

Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша соталды тергеу басталды.