Алматы маңында жоғалып кеткен 22-жастағы аруды іздестіруге сүңгуірлер тартылды

0
675

Ол 7 тамыз күні үйінен шығып, қайта оралмаған.


Алматы маңында жоғалып кеткен 22-жастағы аруды іздестіруге сүңгуірлер тартылды

ERNUR.KZ. Алматы облысында хабар-ошарсыз кеткен 22 жастағы қызды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады nur.kz.

Сүңгуірлер су қоймаларының бірінің түбін тексергенін жеткізді. Іздеуге полицейлер, еріктілер және жергілікті тұрғындар тартылған.

Бойжеткен Бесағаш ауылының тұрғыны. Ол 7 тамыз күні үйінен шығып, қайта оралмаған. Іздестіру шаралары оның туыстары аудандық полицияға ресми арыз бергеннен кейін келесі күні басталды.

"Қазір Алматыға іргелес жатқан жер мен аумақты іздеу жұмыстары жалғасуда. Іздеу жұмысына Бесағаш ауылының тұрғындары, полицейлер мен еріктілер жұмылдырылды. Алматы мен жақын орналасқан аудандарда жалдамалы пәтерлерді тексереміз. Көшедегі бейнебақылау камераларын қарап шығамыз. Іздестіру шаралары облыстық департаменттің бақылауында", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Сондай-ақ, полиция суға бату нұсқасын тексеру үшін жергілікті су қоймасының түбін мұқият зерттейтін құтқарушылардың тартылғанын хабарлады. Қазіргі кезде із-түзсіз жоғалған аруды іздеу жалғасуда.