Алматы маңындағы ұшақ апаты: Informburo.kz редакторы Дана Круглова қаза тапты

0
1 270

Дана Круглова Жаңа жылды Нұр-Сұлтанда ата-анасымен қарсы алуды қалаған.


Алматы маңындағы ұшақ апаты: Informburo.kz редакторы Дана Круглова қаза тапты

ERNUR.KZ. Informburo.kz шығарушы редакторы Дана Круглова Алматы облысы Қызыл Ту ауылының маңындағы әуе апаты салдарынан қаза тапты, деп жазады Тengrinews.kz.

"Бұл ұшақпен баруы белгісіз еді, себебі Алматыда жоспарланған жұмыстары болатын. Бірақ Дана Жаңа жылды Нұр-Сұлтанда ата-анасымен қарсы алуды қалап, осы рейспен ұшуға шешім қабылдады", - деп жазылған Informburo.kz сайтында.


Дана Круглова 1984 жылы 8 сәуірде туған. 2016 Informburo.kz сайтына тілші болып жұмысқа кірген. 2019 жылдан бері порталдың шығарушы редакторы болып қызмет атқарған.