Алматы метрополитеніне жаңа басшы тағайындалды

0
2 379

Қала басшысы метроны одан әрі дамытуға ерекше назар аударуды тапсырды.


Алматы метрополитеніне жаңа басшы тағайындалды

ERNUR.KZ. Алматы қаласының "Метрополитен" РМК басшысы Сағындық Телібаев тағайындалды. Жаңа басшыны командаға қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов таныстырды, деп жазады zakon.kz.

Әкімнің бірінші орынбасары қала басшысының метрополитеннің алдына бірқатар нақты міндеттер қойғанын атап өтті. Бұл - жолаушыларға қызмет көрсету сапасының жақсаруы, қауіпсіздік деңгейінің жоғарылауы, жолаушылар ағынының артуы. Сонымен қатар, ол Телібаевтың тәжірибелі менеджер, көлік саласында мол тәжірибесі бар екенін атап өтіп, жалпы метроны одан әрі дамытуға ерекше назар аударуды тапсырды.

Мемлекеттік қызметте ол Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында жол инфрақұрылымы бөлімінің маманы болып бастады. Тәжірибелік барлық баспалдақтан өтіп, соңғы бірнеше жылда қалалық мобильділік кеңсесінің бастығы болып жұмыс істеді.