Алматы облысында 12 жастағы бала 3 мектепке бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат таратқан

0
454

​Алматы облысында 12 жастағы оқушы үш мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабарлама жіберген.


Алматы облысында 12 жастағы бала 3 мектепке бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат таратқан

ERNUR.KZ. Жыл басынан бері сегіз қазақстандық жалған ақпарат таратқаны үшін түрмеге қамалған. Бұл туралы брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Тұрлыбек 22 қыркүйекте Алматы облысының Іле ауданында үш жалпы білім беретін мектепке орнатылған жарылғыш құрылғылар туралы электрондық пошта арқылы хабарланғанын айтты.

"Полиция ҰҚК-мен бірлесіп осы қылмысты жасаған 12 жастағы оқушыны анықтады. Қылмыстық жауапкершілік жасына жетпеуіне байланысты оқушыға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бірақ оның ата-анасы кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды", - деді Тұрлыбек.
Оның айтуынша, мұндай қауіптердің көпшілігі шетелден келеді.
"Интернетте матч деп аталатын анонимді қауымдастық жұмыс істейді. Олар басқа адамдардың атынан жедел қызметтерге жалған хабарлама жіберумен айналысады.
Қазақстандық оқушылар арасында да осындай топтарға деген құштарлық байқалады. Сондықтан құқық қорғау органдары ата - аналарға баласының интернеттегі мінез-құлқына мұқият қарау қажеттілігі туралы ескертті", - деп атап өтті Тұрлыбек.

ІІМ арнайы органдармен бірлесіп, шабуылдаушылардың IP-мекенжайларын, аккаунттарын және басқа да мәліметтерін белгілеу үшін шетелдік құқық қорғау органдарымен, сондай-ақ интернет-провайдерлермен белсенді өзара іс-қимыл жасайды.

"Соңғы 2 айда ғана интернет арқылы жалған хабарламалар жіберген 5 адам анықталды.
Жалпы, жыл басынан бері осындай әрекеттер үшін 28 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың сегіізі бас бостандығынан айырылды", - деді ол.