Алматы облысында 8 жасар баланы ит талап өлтірді

0
1 183

Неміс овчаркасы құрбан болған баланың отбасына тиесілі.


Алматы облысында 8 жасар баланы ит талап өлтірді

ERNUR.KZ. Алматы облысының Шелек ауылында ит баланы талап, өлтіріп тастады, деп жазады zakon.kz.

Қайғылы оқиға 30 қарашада болды. Жантүршігерлік жағдайда қайтыс болған бала - екінші сыныптың оқушысы. Оның денесін туысқандары тапқан.
- Бала өлімі фактісі расталды. Қазір бұл істі Шелек полиция бөлімінің қызметкерлері тексеріп жатыр. Неміс овчаркасы құрбан болған баланың отбасына тиесілі. Оны арнайы қызметтер дәрілеп, өлтірді. Бұл іс бойынша тергеуді облыстық полиция департаменті өз бақылауына алды. Біз сараптаманың нәтижелерін күтеміз, соған сәйкес соңғы процессуалдық шешім шығарылады, - дейді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.