Алматы облысында ауылды тасқын су басты (видео)

0
1 022

Оқиға орында 100-ден аса адам мен 20-дан астам техника жұмыс істеуде.


Алматы облысында ауылды тасқын су басты  (видео)

ERNUR.KZ. Алматы облысының Панфилов ауданындағы Пенжім ауылын су басты. Оқиға орнында 100-ден аса маман мен 20-дан аса техника жұмыс істеуде, деп ҚазАқпарат.

«3 маусым күні сағат 21:00-де Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне Пенжім ауылындағы бірнеше көше мен ауланы су басқандығы жөнінде хабарлама түсті. Таулы аймақта жауған нөсерлі жауын салдарынан бүйірлі ағынның қалыптасуы тіркелді. Оқиға орында 100-ден аса адам мен 20-дан астам техника жұмыс істеуде. 23 сағат 30 минутта судың ағуы тоқтады. Оқиға орнында қаза болғандар жоқ. Жағдай бақылауда. Арнайы жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр», - делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіндегі баспасөз қызметінің таратқан мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, 31 мамыр күні облыстық ТЖД БАҚ және смс хабарлама арқылы Алматы облысы аумағында маусымның 2-сі, 3-ші күндері нөсерлі жауын-шашын салдарынан таулы аймақтарда судың бүйірлі ағыны мен өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін екендігі туралы хабарлаған болатын.