Алматы облысында «Бақытың жаныңда» жобасы басталды

0
1 219

Жобаның мақсаты мемлекеттік қызметтегі жас отбасыларды марапаттап, қоғамға мемлекеттік қызметте жүріп отбасын құрудың қиын еместігін насихаттау.


Алматы облысында «Бақытың жаныңда» жобасы басталды

ERNUR.KZ. Алматы облысында отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Бақытың жаныңда» жобасы басталуда. Қоғамның басты құндылығын дәріптейтін бастаманы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті қолға алып отыр, деп жазады egemen.kz.

- Жоба аясында мемлекеттік қызметшілердің жас отбасылары марапатталып, қоғамға мемлекеттік қызметте жүріп отбасын құрудың қиын еместігін насихаттап, қоғамға жеткізуді мақсат етіп отырмыз, - деді бұл туралы Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Жадыра Иманғалиева.

Дерек бойынша, Алматы облысындағы мемлекеттік қызметшілерінің саны 7498 адамды құраса, олардың арасында жемісті жұмыс істеп, отбасында ұл-қыз тәрбиелеп отырған 332 әулет бар.