Алматы облысында бес адамды пышақтап кетті

0
769

Ауруханаға пышақ жарақатымен түскен бес адамның бірі қайтыс болды


Алматы облысында бес адамды пышақтап кетті

ERNUR.KZ. Еңбекшіқазақ ауданында болған жантүршігерлік жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ауруханаға пышақ жарақатымен түскен бес адамның бірі қайтыс болды, деп жазады exk.kz.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдай 6 қарашада түнгі сағат 12-лер шамасында болған. Түрлі дене жарақатын алған бес адам Еңбекшіқазақ ауданының көпсалалы ауруханасына түсіпті. Бірақ дәрігерлер бір адамның өмірін сақтап қала алмаған.

"Аталған дерек бойынша жедел тергеу тобы құрылды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша тергелуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық қатысушыларын, сондай-ақ болған оқиғаның себептерін анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", — деді баспасөз қызметіндегілер.