Алматы облысында екі бала мұз астына түсіп кетті

0
919

​Трагедия Іле ауданында болды. Балалар төрт және алты жаста ғана еді. Олардың ересектер қарауынсыз қалғаны анықталды


Алматы облысында екі бала мұз астына түсіп кетті

ERNUR.KZ. Іле ауданы Түймебаев атындағы ауылда төтенше оқиға болды. 2014 және 2016 жылы туған екі бала мұз астына түсіп кетті. Олар ересектердің қарауынсыз қалған. Балалар суға батып кетті, деп жазады sputniknews.kz.

Балалардың денесі жақындарына тапсырылды.

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті балаларды жалғыз қалдырмау керек екенін ескертеді. Қазіргі уақытта мұз қалыңдығы адам салмағын көтере алмауы мүмкін.

Қараша айының соңында Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылында екі бала мұз астына түсіп кетіп қайтыс болған еді. 6 және 9 жастағы балалар суарма арық маңында ойнап жүрген.