Алматы облысында ер адам өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді

0
1 348

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің кінәсі толықтай дәлелденді.


Алматы облысында ер адам өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Алматы облысында өгей қызын зорлады деп күдікке ілінген азамат А-ға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы Еңбекші ауданының полиция басқармасы мәлім етті, деп жазады Zakon.kz.

«Қылмыстық іс бойынша тергеуді аудандық тергеу бөлімінің аға тергеушісі, полиция аға лейтенанты К. А. Мүсілім аяғына жеткізді.

"Азамат "А" 2022 жылы шілдеде Еңбекшіқазақ ауданы Қ. Ұлтарақов ауылындағы жеке үйлердің бірінде өзінің жас өгей қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған», - делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу барысында, ведомствода атап өткендей, күдіктінің кінәсі толықтай дәлелденді.
«Ол жасаған ауыр қылмысына шын жүректен өкініш білдірді. Оның әрекеттері ҚР ҚК 121-бабы 4-бөлігі ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша сараланды», - деп хабарлады Еңбекші ауданы ПБ баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта, ведомство атап өткендей, «қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі жүргізілген тергеп-тексерудің есебі айыптау актісін толтыру және айыпталушыны сотқа беру үшін Еңбекшіқазақ ауданының прокурорына жіберілді».