Алматы облысында граната сатқандар сотталды

0
702

Бір топ адамға сот үкімі шықты.


Алматы облысында граната сатқандар сотталды

ERNUR.KZ. Алматы облысында РГД-5 жауынгерлік гранаталары мен оның тұтандырғышын сатумен айналысқан бір топ адамға қатысты сот үкім шығарды, деп жазады Zakon.kz.

Мамыр айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатумен айналысқан топтың заңсыз іс-әрекеттерінің жолын кесті.

- 2019 жылдың 6 тамызында Алматы облысы Кербұлақ аудандық соты РГД-5 жауынгерлік гранаталарын және оның тұтандырғышын сатумен айналысатын бір топ адамға қатысты үкім шығарды. Топ мүшелері ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы, 4-бөлігі және 361-бабы, 1-тармағы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға 3 жылдан 3,5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.