Алматы облысында ит төбелесін ұйымдастырғандар іздестіріліп жатыр

0
912

Аумақты жеке саудагерлер сатып алған. Мұндай шараларды өткізуге аудан әкімдігі рұқсат бермеген.


Алматы облысында ит төбелесін ұйымдастырғандар іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде ит төбелестіргендердің видеосы жарияланды. Онда да жабайы түрде емес, қара құрым халықты жинап, ауылдың бетке ұстар жері - стадионда өткізген. Желідегілер бұл Ұзынағаш ауылы екенін жазады, деп жазады zakon.kz.

Видеодан ит төбелесінің арнайы аренада, барлық сақтық шараларын сақтап ұйымдастырылғаны байқалады. Аренада екі ит қайшыласып, төбелеске кіріскен, ал қос жануарды қоршаған бір топ оларға айғай қосып, айтақтап әлек.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Almaty.kz сайтына бұл оқиғаның Жамбыл облысы Қарасу ауылдық округіндегі бұрынғы мал базарында болғандығы туралы хабарлады. Аумақты жеке саудагерлер сатып алған. Мұндай шараларды өткізуге аудан әкімдігі рұқсат бермеген. Ауылдық округ әкіміне ит төбелесін ұйымдастырушыларды тауып, оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту тапсырылды.