Алматы облысында иттердің қатып қалғаны жайлы видео тарады

0
2 286

​Желі қолданушыларының көбісі иттердің тұрған жерінде қатып қалғанына сенбейді. Кейбірі жануарларды өлтіріп, тұрғызып қойған десе, енді бірі муляж деп топшылады.


Алматы облысында иттердің қатып қалғаны жайлы видео тарады

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Алматы облысында екі иттің аязда қатып қалғаны түсірілген видео тарады, деп жазады Sputnik Қазақстан.


"Бұл – жануарларды қорлау. Біздің жағдайда иттің бұлай қатып қалуы мүмкін емес. Талғар ауданы полициясынан мұны істегендерді жауапқа тартуды сұраймыз", - деп жазды видеоны жариялаған қолданушы.




Ал видеоны түсірген автор оқиғаның Алматы облысында болғанын айтады.


"Мынаны қараңдар. Алматы, Табақ совхозы. Түндегі аязды қараңдар. Екі ит тұрған жерінде қатып қалыпты. Не деген аяз? Мынаның үстіне тышқан мінген күйі қатып қалыпты. Байғұс, жан керек. Екеуі төбелесуге келіп қалды ма екен, сондай бірдеңе ғой", - дейді видеода.


Алайда желі қолданушыларының көбісі иттердің тұрған жерінде қатып қалғанына сенбей отыр. Өйткені қысы қатты солтүстік өңірлердің өзінде мұндай жағдай болмаған. Кейбірі жануарларды өлтіріп, тұрғызып қойған десе, енді бірі муляж деп топшылады.

Қазгидрометтің хабарлауынша, 8-9 қаңтарда өңірде кей жерлерде қатты аяз болған.