Алматы облысында із-түссіз жоғалып кеткен 14 жастағы бала іздестіріліп жатыр

0
430

Талғар аудандық полиция бөлімі 2007 жылы туған Қасейін Мұрал есімді балаға іздеу салуда.


Алматы облысында із-түссіз жоғалып кеткен 14 жастағы бала іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. 11 қыркүйек күні шөп шабуға кеткен жасөспірім үйге қайтып оралмаған, деп жазады exk.kz.

Талғар аудандық полиция бөлімі 2007 жылы туған Қасейін Мұрал есімді балаға іздеу салуда. Ол Талғар ауданының Көкдала кентінен 11 қыркүйек күні сағат 14:00 шамасында шөп шабу мақсатында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

"Белгілері: бойы 165 см, орташа дене бітімді, көздері қоңыр, шашының түсі қара. Оның үстінде ашық сұр түсті жемпір, қара шолақ шалбар, аяғында қызыл кроссовка болған", делінген хабарламада.

Іздестіріліп жатқан жасөспірімге қатысты қандай да бір ақпарат болса, департаменттегілер 8 701 375 92 91 немесе 102 телефонына хабар беруді сұрайды.