Алматы облысында із-түзсіз жоғалған жасөспірім өлі күйінде табылды

0
678

Ер адам көл жағасында балық аулау кезінде жас жігіттің жансыз денесін көргенін хабарлаған.


Алматы облысында із-түзсіз жоғалған жасөспірім өлі күйінде табылды

ERNUR.KZ. Алматы облысында осы жылдың 30 тамызында хабар-ошарсыз кеткен 17 жасар Равиль Авамуслимовтың денесі табылды, деп жазады Polisia.kz.

Жасөспірімнің денесін Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының 45 жастағы тұрғыны тапқан. Ер адам 11 қыркүйекте полицияға қоңырау шалып, Шелек ауылынан үш шақырым жерде көл жағасында балық аулау кезінде жас жігіттің жансыз денесін көргенін хабарлаған.

Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы марқұм жоғалып кеткендер тізімінде тұрған 17 жасар Равиль Авамуслимов екенін анықтады.

Жасөспірімнің өлімінің себебі белгісіз. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Еске сала кетейік, Равиль Авамуслимов биыл 30 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында жоғалып кеткен. Полицияға баланың туыстары жүгінді. Уәкілетті органдар еріктілермен бірге жасөспірімді белсенді түрде іздестірді.