Алматы облысында қарақшы өзі ұрлаған 300 тал гүлді елге таратып жіберген

0
833

Гүлдерді 82 жастағы зейнеткерден ұрлап әкеткен.


Алматы облысында қарақшы өзі ұрлаған 300 тал гүлді елге таратып жіберген

ERNUR.KZ. Алматы облысында 59 жастағы ер адам 300 тал гүлді ұрлап, бейтаныс адамдарға таратып берген. Гүлдің қалған бөлігін қарақшы жергілікті базарда сатып жіберген деп жазады kaz.nur.kz.

Алматы облысы полиция департаменті зейнеткердің гүлін ұрлаған деп күдікпен 59 жастағы ер адамды тұтқындады.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны биылғы жылдың маусым айында Есік қаласы маңындағы саяжай аудандарының бірінде гүл ұрлаған. Осылайша тергеу жұмыстары «Ұрлық» бабы бойынша жүргізілген.

"300 тал гүлді, нақтырақ айтсақ, таушымылдық гүлдерін күдікті өз саяжайында гүл өсіретін 82 жастағы зейнеткерден ұрлап әкеткен. Қарияға келтірілген шығын көлемі 90 мың теңге көлемінде деп есептелген.

Ұрлыққа түскен күдікті ретінде сол саяжайда тұратын, ауылдың 49 жастағы тұрғыны ұсталған", - деп жазылған ведомство жолдаған баспасөз хабарламасында.

Белгілі болғандай зейнеткер гүлдердің бірнеше түрін өсіретін болып шыққан. Алайда қарақшы тек таушымылдық гүлін ұрлаған. Ер адам ұрланған 300 тал гүлдің жартысын елге таратса, жартысын жергілікті базарға барып сатып жіберген.