Алматы облысында карантин режимі мамыр айының соңына дейін жалғасады

0
605

Аудан және облыс шекераларындағы блокпосттар жұмысын жалғастырады.


Алматы облысында карантин режимі мамыр айының соңына дейін жалғасады

Алматы облысында карантиндік режим мамыр айының соңына дейін жалғасады. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің өкілі Ғалымұрат Жүкел Facebook- тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Бүгін Алматы облысы әкімінің тапсырмасымен аудан және қала ішіндегі посттар алынып тасталды. Бірақ, аудан және облыс шекераларындағы блокпосттар жұмысын жалғастырады. Алматы облысында карантиндік режим мамыр айының соңына дейін жалғасады», - деп жазған Ғалымұрат Жүкел.