Алматы облысында көпір астынан өтпек болған жүк көлігі «ілініп» қалды

0
559

Көпірдің тірегі зақымдалмағаны айтылады.


Алматы облысында көпір астынан өтпек болған жүк көлігі «ілініп» қалды

ERNUR.KZ. Алматы-Өскемен тас жолының 62 шақырымындағы жол учаскесінде HOWO жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп жазады Zakon.kz.

"Жүргізуші жүріп келе жатқанда кузовы кездейсоқ көтеріліп кеткенін түсіндірді. Көлік көпірдің жиегін іліп кетіп, онда ілініп тұрған билбордты бүлдірген. Салдарынан жүк көлігінің алдыңғы доңғалағы көтеріліп, тікесінен тұрып қалған", деп мәлімдейді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көпірдің тірегі зақымдалмағаны айтылады.

Медициналық тексеруден өтіп жатқан 48 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі аздап жарақат алған.

Жол-көлік оқиғасы фактісіне сәйкес, ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы, яғни "Көлік құралдарының, жолдардың, жол және басқа да құрылыстардың бүлінуіне немесе материалдық залал келуіне әкеліп соққан жүргізушінің жол ережелерін бұзуы" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.