Алматы облысында коронавируспен күреске бөлінген қаржыны жымқырғандар сотталды

0
549

Жедел жәрдем станциясының директорына 30,2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.


Алматы облысында коронавируспен күреске бөлінген қаржыны жымқырғандар сотталды

ERNUR.KZ. 28 қыркүйектегі Алматы облысы Іле аудандық сотының үкімімен облыстық Денсаулық сақтау басқармасына қарасты жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының директоры К.З. Қалдыбаевқа 30,2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Сондай-ақ жедел жәрдем станциясының бас инженері Д.И. Тугамбаевтың 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығы шектелді.

Бұған дейін олар коронавирус (COVID-19) пандемиясымен күрес үшін дағдарысқа қарсы шаралар аясында «Денсаулық» бағдарламасы бойынша бөлінген 2,55 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын алдын ала сөз байласу бойынша ұрлау күдігіне ілінген.