Алматы облысында қызғаншақ ер адам туысқанын өлтірді

0
720

Күдікті Бөлек ауылының тұрғыны, мерт болған адамның туысы болып шықты.


Алматы облысында қызғаншақ ер адам туысқанын өлтірді

ERNUR.KZ. Басына оқ тиген адамның денесі Бөлек ауылына жақын маңдағы жеке үйлердің бірінен табылды, деп жазады Zakon.kz.

Күдікті Бөлек ауылының тұрғыны, мерт болған адамның туысы болып шықты. Ер адамды бірнеше сағаттың ішінде ұстады.

Қылмыс жасалған аңшы мылтығы айғақ зат ретінде тіркелді. Қаруды күдікті заңсыз сақтаған.

Ұсталған адам екеуінің қызғаныш үшін жанжалдасқанын айтты. Күдікті уақытша оқшау изольяторына тоғытылды. ҚР Қылмысты кодексінің 99-бабы, яғни "Кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.