Алматы облысында оқушы ұялы телефонның қуаттағышынан қайтыс болды

0
3 781

Марқұм болған қыз бала 9-сыныптың оқушысы.


Алматы облысында оқушы ұялы телефонның қуаттағышынан қайтыс болды

ERNUR.KZ. Алматы облысында ұялы телефонын қуаттап ұйықтаған оқушы мерт болды. Дәрігерлердің сараптамасы бойынша баланы тоқ соққан, деп жазады ҚазАқпарат.

Қайғылы жағдай Қаратал ауданындағы Бастөбе ауылында болды. Марқұм болған қыз бала 9-сыныптың оқушысы. Анықталғандай, А. А есімді оқушы ұялы телефонын зарядтау үшін тоққа қосып, ұйықтап қалған. 28 қыркүйек күні таңертең баланың көз жұмғаны белгілі болды. Алматы облыстық Полция департаментіндегілер қайғылы оқиғаны растады.

«Оқиғаны растаймыз. Баланың денесінде қинап өлтіру белгілері жоқ. Дәрігерлердің сараптамасы бойынша, жасөспірімды тоқ соққан. Тергеу жұмыстарын Қаратал аудандық Полиция бөліміндегілер жүргізіп жатыр», - деп мәлімдеді аталған ведомство қызметінен.