Алматы облысында оқушылар мінген автобус жол апатына ұшырады

0
826

Зардап шеккендер бар. Олар автобуспен Таңбалы тасты көруге саяхаттап шыққан.


Алматы облысында оқушылар мінген автобус жол апатына ұшырады

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Алматы облысында оқушылар мінген автобус жол апатына түсіп, 9 бала зардап шекті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Оқиға Жамбыл ауданында болған. Қазір 9 оқушы Ұзынағаштағы аудандық ауруханада жатыр. Балалардың барлығы - Алматы қаласы Алмалы ауданындағы бір мектептің оқушылары. Олар автобуспен Таңбалы тасты көруге саяхаттап шыққан. Жапа шеккендердің барлығының жағдайы жақсы. Дәрігерлер жеткіншектерге жан-жақты тексеру жүргізіп жатыр», -деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Ведомство өкілінің мәліметінше, қазір оқиға орнында Жамбыл ауданының әкімі Бағдат Байшалов және прокуратура мен өзге де құзырлы орган өкілдері жол апатының толық мән-жайын анықтап жатыр.