Алматы облысында пандемияның екінші толқынына 7,3 миллиард теңге бөлінген

0
488

Бөлінген қаражат бірінші кезекте ауруханаларды материалдық-техникалық жабдықтауға бағытталатын болады.


Алматы облысында пандемияның екінші толқынына 7,3 миллиард теңге бөлінген

ERNUR.KZ. Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтың айтуынша, пандемияның болуы мүмкін екінші толқынына дайындық жұмыстарына облыстық бюджеттен қосымша 7,3 миллиард теңге бөлінген, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл қаражат бірінші кезекте ауруханаларды материалдық-техникалық жабдықтауға бағытталатын болады. Атап айтқанда, 10 оттегі станциясын, 150 өкпенің жасанды желдету құрылғысын, 100 оттегі концентраторын, 3 компьютерлік томографты және 3 сандық рентген жүйелерін және басқа да қажетті медициналық құрал-жабдықтар сатып алынады. Оның 500 миллионы облыстағы медициналық мекемелерге қажетті дәрі-дәрмек сатып алу үшін қарастырылған.

Осылайша, ағымдағы жылы Алматы облыстық денсаулық сақтау саласына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейі 89% жетеді. Арнайы көліктер паркі 75% жаңаратын болады.

Айта кету керек, бүгінде облыстық денсаулық сақтау саласының балансына тағы 50 оттегі концентраторы қосылды. Оларды шетелдік компания отандық «ҚазМұнайГаз» компаниясымен бірлесіп ауыстырған. Алынған оттегі концентраторлары аймақтағы медициналық мекемелерге таратылады.